6 June 2024
Мақсаты: есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар,келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік
беру.Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу.
9-11 сынып оқушыларынан “Сіз зиянды әрекеттерге қалай қарайсыз?” анонимді сауалнама .Зерттеудің мақсаты: жоғары сынып оқушыларының зиянды әдеттерге қарым-қатынасын анықтау.
Қатысқан оқушылар саны: 150
Қорытындысында оқушылардың зиянды әрекеттердің адам денсаулығына зияны туралы білетіндіктерін байқатты.Оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,видеоролик көрсетіліп оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды.



