Қош келдіңіздер!

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты

Мектеп тарапынан оқушыға білім беру қаншалықты маңызды болса  олардың денсаулығы да  соншалықты маңызды. Сол себепті жыл бойында салауатты  өмір салтын ұстануға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Мақсаты: Оқушылар арасында есірткі құралдарымен басқа зиынды заттар қолдануға дейін саналы түрдегі жағымсыз қарым – қатынас қалыптастыруға жәрдемдесетін қажетті ғылыми әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық, құқықтық және басқа жағдайларды қамтамасыз ету. Мектепте қыркүйек, ақпан, сәуір айларында  «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылды. Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу және жаман әдеттерден  аулақ ұстау мақсатында  жоспарға сай мектебімізде  ЖИТС орталығының мамандары, СӨС  мамандары, дерматолог мамандармен кездесу ұйымдастырылып, түсініктеме жүргізілді. Мамандар жастар мен жасөспірімдерді зиянды әрекеттерден  аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды, жыныстық жолмен берілетін аурулардың, оның ішінде қазіргі таңдағы медициналық шеңберден  шығып, жаһандық мәселеге айналып отырған  АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу туралы кең көлемде мағлұмат берді.Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру  мандары жасөспірімдер арасында дұрыс тамақтану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 8-11 кл. қыз балаларымен кездесуге арнайы гинеколог- маман шақырылды.  

09

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу   және жыныстық  тәрбие, зиянды заттардың алдын алу қосымша бағдарламаларын басшылыққа алып  мектепте әр түрлі шаралар, тәрбие сағаттары өткізілді. Мектепте туберкулездің алдын алу мақсатында оқушылар, мұғалімдер, арасында ағымды санитарлық-ағарту жұмыстары жүйелі жүргізіліп отырды. Туберкулезді анықтау үшін мектеп қызметкерлері, 8-11 класс оқушылары флюрографиялық тексеруден жыл сайын өтеді. Мектептің медбикесі Л.В.Самойленко оқушылардың алдына  баяндамалармен шықты: «Жұқпалы аурулар», «Зиянды іс-әрекеттерге «Жоқ» дейміз», «Екпе-аурудың алдын алу» , «Гигиена дегеніміз не? «Тұмадың алдын алу»т.б. Сонымен қатар мектеп медбикесінің басшылығымен класс жетекшілертүрлі мезгілді  аурулардың алдын алу жолдары туралы 5-10 класс оқушыларына диктанттар жаздыртты. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру – қазіргі заманның көкейкесті мәселелерінің бірі болғандықтан, мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен мектепте Денсаулық клубы жұмыс жасады, клуб мүшелерінің алдына қойған негізгі мақсаты, оқушылардың өз денінің саулығына өзі жауапты екенін және денсаулығын сақтауға міндетті екенін саналарына жеткізу болды. Айына екі рет «Тазалық денсаулық кепілі» тақырыбында мектепішілік рейдтер жүргізілді. Денсаулық бұрышы жұмыс жасады. «Есірткісіз болашақ» 8-9-11 кластар арасында  құқықбұзушылыққа, нашақорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары өткізілді.   Кездесуге ЖИТС орталығынан арнайы мамандар шақырылды.  

Азаматтық қорғаныс жұмысы аясында  оқушылардың өрт  кезіндегі өз-өзін ұстау және эвакуациялауну ретін үйрету мақсатында наурыз айында эвакуация оқу жаттығуы өткізілді. Аталған шараға мұғалімдерден штаб құрылып, арнайы мамандар шақырылды.Сонымен қатар оқу жиынына ата-аналар шақырылды. АӘД  пәні мұғалімі Б.Еңсепбаев оқушыларға, ата-аналарға  т.рлі апаттар кезінде   болатын эвакуация жөнінде мағлұмат берді.