Қош келдіңіздер!

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мектеп оқушыларын еңбекке баулу мақсатында қүз және көктем айларында мектеп алаңы, көшелерді тазарту мақсатында іс-шаралар өткізілді. Мектеп алаңындағы көшелер кластар аралығында бөлініп, бекітілді. Әр бейсенбі және сенбі сайын мектепте «Таза бейсенбі» , «Сенбілік» күндері өткізіледі.Жаңа жыл қарсаңында мектебіміздің еңбек және бейнелеу пәнінің мұғалімдері  жаңа жылдық көңіл күй сыйлау мақсатында мектеп ғимаратының алдына мұздан жасалған ақша қар және жаңа жыл символы тауықты бейнеледі.

Сәуір-мамыр айларында қалалық әкімшіліктің бастамасымен тазарту жұмыстарын жүргізуге 2 айлық іс-шаралары өткізілді. 5-10 класс оқушыларының арасында жазғы мектеп жанында тәжірибе үлескелерінде жұмыс ұйымдастырылды.

08