Қош келдіңіздер!

Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие

Эстетикалық тәрбие бағыты бойынша оқушылардың әстетикалық дағдыларын арттыры отырып,сұлулыққа тәрбиелеу мақсаты қойылған болатын. Жосапланған жұмыстар өз деңгейінде орындалды. Мектебімізде эстетикалық тәрбие беретін «Айкөркем» қыздар клубы және  «Сымбат» үйірмесі жұмыс жасайды.

Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағыты бойынша оқушылардың әстетикалық талғамын дарыту  және әсемдікке қызушылығын  арттыру мақсатында  жоспарға сәйкес «Ұстаздар мерекесі»,«Күзгі бал», Жаңа жыл мерекелері, 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі өткізілді.

Дәстүрлі мерекелердің бірі «Алтын күз» меркесі. «Алтын күз» тақырыбында  ұйымдастырылған  сайыс екі кезеңде ұйымдастыруымен өтті.

Бастауыш сыныптар аралығында «Күзгі өрнектер» тақырыбында көрме өтті. Жоғары кластар арасында  «Күз кереметі-2016» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды.

07

Сонымен бірге оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу мақсатында, отанымыздың жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту мақсатында «Экспо-2017-Қазақстанның болашағы» атты суреттер және макеттер көрмесі  ұйымдастырылды.

Көрмеге  5-7 класс оқушылары өздерінің қиялынан туған туындыларды жасады.

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аналарды құттықтау» тақырыбында акция өтті. Мақсаты: әлемдегі еі ең ардақты адам ананы құрметтеуге баулу. 

1-мамыр халықтар достығының мерекесіне орай «достығымыз жарасқан»  тақырыбында класс сағаттары өткізілді.   8-10 кластар арасында «Ал кәнеки, қыздар!» сайысы өте мазмұнды өтті.

Көрермен көңілінен шығып, топты жарып, сайыста бас жүлдені 10 « Б» класының оқушысы Дильжанова Асылжан  ұтты.

 Оқушыларға әсемдік, әдемілік ұғымдарын түсіндіру мақсатында мектепте  «Әсемдік әлемінде»,«Адалдық туралы айтайық», «Әдеп ең қымбат мирас», «Сұлулықпен қыз егіз» «Ақырын жүріп анық бас» т.б. тақырыптарда әңгімелер, класс сағаттары жүргізілді. Жыл бойы әртүрлі өнер жанрларынан қалалық, мектепішілік сайыстарға өнерлі оқушылар іріктеліп қатыстырылып, өнерге баулу жұмыстары, мектептегі  музыка пәніннің, сурет пәнінің және технология мұғалімдерінің тарапынан оқушылардың шеберлікке баулу мақсатында жұмыстар жүргізілді.