Қош келдіңіздер!

Отбасы тәрбиесі

Мектебімізде  оқу  жылының  басында ата-аналармен жүргізілетін шараларының жоспары бекітіледі, Негізгі бағыттары-жалпы мектептің ата-аналар жиналыстарын өткізу, жалпы  ата-аналардың  комитетінің жұмысың ұйымдастыру, жеке жұмыстар жүргізуі. Ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Сейтқалиева мектептегі оқу тәрбие ісінің үрдісіндегі сұрақтарға белсене араласып, оқу тәрбие процесін жақсарту мақсатында әр түрлі жұмыстар атқарылып, жалпы ата-аналар және класішілік жиналыстар өткізілді.

Мамыр айының  12  мектептің мәжіліс залында  Республикалық жалпыұлттық  ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ҰБТ жаңа форматы туралы және білім беру мазмұнының жаңартылған мазмұны туралы түсінік беріліп, калдағы уақытта  мектебімізде ата-аналар жанынан құрылатын «Қамқоршылық кеңесі» туралы сөз қозғалды.Зорлық –зомбылықтың алдын алу мақсатында  мектебіміздің 5-8 кластар ата-аналарымен кәмелеттік жасқа толмағандарды оңалту орталығының мамандарымен кездесу өткізілді.Кездесу барысында психолог мамандар  орталықтың жұмысы туралы түсінік беріп,қапазіргі таңдағы оқушылардың зорлық-зомбылықтанжапа шегу статистикасымен  және себеп салдарымен таныстырды.Ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтарды қойып,пікірлерін ортаға салды.

06