Қош келдіңіздер!

Қазақстандық патриотизм, және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2016-2017 оқу жылының басында  мектебіміздің тәрбие жұмысы бекітілген жоспар бойынша  жүргізілді. Білім күніне байланысты «Мен өз елімнің патриотымын  атты  салтанатты  жиын және кластарда ашық класс сағаттары өткізілді.  

2016-2017  оқу жылындағы ерекшелік-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының тойлануы. Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойын ерекше атап өту,оқушы қауымның бойындағы патриоттық сананы қалыптастыру, ұлттық тіл, дәстүр, мәдениет, тарих, «Мәңгілік ел» патриоттық идеясын ілгерілету мақсатында «№ 13 орта мектебі» ММ  Қалалық білім бөлімініңқұрған жоспарына сәйкес «25 жұлдызды күн» атты іс-шаралар легі өткізілді.

0102

Жоспар  бойынша  аптаның әр күні  денсаулық күні, еңбек десанты,ғылым күні, отбасы күні,спорт күні сияқты  тематикалық тақырыптарға бөлінді.

Тақырыптарға сай денсаулық және спорт күндеріне «Тәуелсіз елдің болашағы дені сау ұрпақ» атты қагнатты с өздерді басмшылыққа ала отырып, мектебімізде  оқушыларды салауатты  өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу жеке бас гигиенасын скақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен  спорт пен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділікпен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау мақсатында дәрігер –мамандармен кездесу өткізілді.

Сонымен қатар оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға біздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері де ат салысты. Кластар арасында жарыстар ұйымдастырылып,жеңіске жеткен командалар арнайы мақтау қағаздарымен мараппаталды.

Отбасы  күніне «Отбасым-бақыт мекенім» тақырыбында  класс жетекшілер ата-аналармен бірлесіп класс сағаттарын өткізді. «Жасай бер Тәуелсіз Қазақстаным»  атты қабырға және суреттер көрмесі өтті. Әр оқушы  тарихымызда алтын әріптермен жазылатын  егеменді мемлкетіміздің тынысын, әсем де көрікті  табиғатын бекзат өнер- бейнелеген  туындыларын сурет арқылы көрсеткен. 

Сонымен қатар  «Өз елінің патриоттары» тақырыбында тарихи –өлкетану мұражайының бұрынғы  қызметкері , зейнеткер Балдығарина Роза Баяновнамен кездесу ұйымдастырылды.

03

Кездесудің мақсаты- оқушылардың  туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін оятып, туған жерге деген мақтаныш сезімін  ояту. Кездесу өте мазмұнды жіне әсерлі  өтті.Оқушылар шақырылған қонаққа өздернің көкейтесті сұрақтарын қойды.  Өткізілген іс-шара  қорытындысы ретінде 15 желтоқсан күні « Асқақ болып еліміздің жалауы ; мәңгі жансын тәуелсіздік алауы!  салтанатты жиын өтті. Жоспарланған іс-шаралардың барлығы  өз деңгейінде өткізілді.

Ұлы Жеңістің 72 жылдығына байланысты  №13 орта мектебінде «Желбіреген жеңіс туы» тақырыбында апталық және Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбегі ардагерлерін құттықтауға «Ардагерлер, Сіздерге арнап тағзым етеміз» атты салтанатты мерекелік шара өтті. Шара барысында сахнада соғыс жылдарының танымал әндері шырқалды.

«Ардагерлерді құрметтейік» акциясы бойынша оқушылар тыл ардагерлерінің үйлеріне барып,аулаларын қардан тазартты.

Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен қастерлей білу бойынша құрылған жоспар негізінде іс-шаралар ұйымдастырылды. Класс жеткешілер қауымына ҚР мемлекеттік рәміздер туралы указы таныстырылды. Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы оқушылардың жас ерекшелігіне қарай оқытылды. Кластар арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы бақылау жұмыстары жүргізілді. Жалпы қазақстандық патриотизмді дамытуға қабілетті патриоттық  рухта тәрбиелеу мақсатында  мемлекеттік рәміздер бойынша  5-11 класс оқушылары арасында сауалнама алынды.

Мамыр  айында   6-8 кластар арасында «Жас сарбаз» , 8-11 кластар «Жас жауынгер-2017»  мектепішілік сайыс ұйымдасырылды. Мектепте АӘД пәнінің мұғалімі  Б.Еңсепбаевтің  басшылығымен «Арлан» тобының жауынгері  Руслан Жолдыбаев атындағы «Арлан» әскери-патриоттық клубы жұмыс жасайды.

04

Жол торабы ювенальды полиция бөлімінің  аға инспекторы полиция лейтенанты А.А.Абилғаринаның  қатысуымен « Есірткіге жол жоқ» туралы лекция тыңдалды. Полиция бөлімінің инспекторларының араласуымен «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі туралы»  кездесулер әр каникулға шығар алдында жүргізіліп отырды. Сондай-ақ кешкі мезгілде мектептің ТІЖ оындасарларымен, пән мұғалімдерімен, ата-ана комитетінің төрайымымен және мектеп инспекторымен  бірге  бірнеше рет рейдтер жүргізілді.