Мектебімізде «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс жасайды.
Ұйымға басшылық жасайтын мектептің аға тәлімгері Г.Ж.Жүсіпова.
«Өзін-өзі басқару ұйымы»-балалар мен жасөспірімдердің және үлкендердің жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған, мүшелерінің құзығушылықтарын және құқықтарын қорғайтын қоғамдық бірлестік. Мақсаты:Еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәселестікке қабілетті, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін,тілін,дінін, әдет-ғұрыпын,салт-санасын қастерлейтін, еңбекқор да салауатты , адами құндылықтар бойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін-өзі басқару арқылы қалыптастыру.
Мектеп Ұланбасы –9 «Б» класының оқушысы-Кожагельдина Диана. «Жас ұлан» ұйымының мүшелері мектеп оқушыларының тазалығын, күнделіктерін, мектеп формасын сақтау жөнінде есеп жүргізіп тұрады. Сонымен бірге Мектеп Ұланбасы барлық мектепішілік, қалалық , облыстық көлемде өткізілген іс-шараларға белсене қатысып,сертификаттармен мараппаталды.
Мектебіміздің балалар ұйымы қалалық оқушылар Сарайымен өзара байланысты нығайтуда, мәдени-көпшілік шараларға қатысып, қалалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қызметіне арналған «Қазақстан жас қанаты- «Жас Ұлан» бағдарламасының 3 жылдық жұмытарына белсене араласқаны үшін мадақтамамен марапатталды. Республикалық «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының қатарына қабылдау 2016-2017 оқу жылында 2 рет өткізілді.
Олар 2,5 класс оқушылары. Жалпы 2016-2017 оқу жылында «Жас ұлан» ұйымына 94 оқушы, «Жас қыран» ұйымына-116 оқушы қабылданды.