Өтетін күні, уақыты : 2017 жыл, қаңтар, сағ. 9.00– 1230
Өтетін орны: Ақтөбе қаласы № 13 орта мектебі
Өткізуші: Ақтөбе қаласы, 13 орта мектеп психологі – А.С Ахметова, әлеуметтік педагог – А.Н Ербозымова;
Қатысушылар: қала мектептерінің психологтары
Мақсаты: қолдана отырып, іс-тәжірибе алмасу.
Қолданылатын әдістер: сергіту, рефлексия.
Стимулдық материал: Интерактивті тақта, психологиялық әуендер, жаттығу нұсқаулары.
Жүргізілу барысы
Семинарға қатысушыларды тіркеу қағазына тіркеп, бағдарлама ұсыну.
Семинардың ашылуы
Мектеп директоры сөз алып, семинар мақсатымен таныстырады.
ҚҒӘӨ әдіскері Кульжанова Р.Ж.
«Психотерапевтік техникалар ( профилактикалық сабақтар жиынтығы) тақырыбында шағын дәріс оқиды.
Теориялық бөлім
Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.
Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншыл-дықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады.
Жеткіншектік жастағы анатомиялық – физиологиялық өзгерістер нәтижесінде баланың ішкі және сыртқы қақтығысы ( конфликтісі) күшейетіні белгілі. Бұл, өз кезегінде, баладағы жоғары қобалжу, күмәнданғыштық, түрлі қорқыныштарға бейімділік, мінез-құлықтағы қатыгездік, агрессиялық немесе цинизм сияқты және аддикцияның ерекшеліктердің туындауына әкелуі мүмкін.Жеткіншектің жеке–даралық сипаттамасындағы аддикциялық ересектердің түсінбеуне қарсы протест түрінде де көрінеді, сонымен бірге өзінің қоғамда алатын орнына қанағаттанбаушылығынан туындайды. Аддикцияға баланың темпераментінің табиғи ерекшелігі, мысалы, тез еліктеушілік, әсерленгіштік, эмоция күші, өзін-өзі ұстай алмауы сияқты мінез-бітістер ықпал етуі мүмкінБала аддикцияны көрсетуде әрдайым қолдау тауып отырса, онда оның аддикциясы әртүрлі жадайда өсіп отырады. Жасалған аддикцияға қолдау тауып отыруы, біртіндеп дағдыға айналады, осының салдарынан агрессиялы тұлға қалыптасады.
Теориялық блок (слаид)
ІІ Тәжірибелік блок
Кері байланыс:
Рефлексия
Дайындаған: № 13 орта мектеп психологі: А.С Ахметова
Әлеуметтік педагог: А.Н Ербозымова
[ngg_images source=”galleries” container_ids=”6″ display_type=”photocrati-nextgen_basic_thumbnails” override_thumbnail_settings=”0″ thumbnail_width=”240″ thumbnail_height=”160″ thumbnail_crop=”1″ images_per_page=”20″ number_of_columns=”0″ ajax_pagination=”0″ show_all_in_lightbox=”0″ use_imagebrowser_effect=”0″ show_slideshow_link=”0″ slideshow_link_text=”[Показать слайдшоу]” order_by=”sortorder” order_direction=”ASC” returns=”included” maximum_entity_count=”500″]