Добро пожаловать!

Зияткерлік тәрбие,ақпарттық мәдениет тәрбиесі

Зияткерлік тәрбие,ақпарттық мәдениет тәрбиесінің мақсаты:әбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін,көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ету.

Оқу жылы басында  балалардың бойында  дарындылық қасиетті анықтап, оларды одан әрі  өрби түсу мақсатында оқушыларды түрлі байқауларға қатыстыру жоспарланды.

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында Мектеп Ұланбасы Кожагельдина Диана Қалалық оқушылар сарайында өткен «Ең әдемі Ару-2017» І облыстық сұлулық байқауға қатысып, сертификатпен марапатталды .

2 «А» класс оқушысы Бақтілеу Қарақат Қалалық «Геолог» мәдениет Үйінде 1-3 класс оқушылары арасында өткізілген «Кішкентай Ханшайым» атты қыздар байқауына қатысып,  ІІ  жүлделі орын иеленді.

10 «Б» класс оқушысы Кенжегалиева Айжан республикалық «Тәуелсіздік тұғырым» байқауының бас жүлде иегері аттанды. Қалалық «Жас толқын-2017» байқауында  7 «Г» класының оқушысы Утепкалиев Шархан   1 жүлделі  орын иегері атанса, 7 «Б» класының оқушысы Аманғалиев Бердіхан, 6 «В» класының оқушылары Медеубай Махаббат  және Сисенбай Нұртілек дипломдармен марапатталды.  

7 «Б» класының оқушысы Аманғалиев Бердіхан   облыстық «Бозторғай» ән байқауына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

«Біздің тату отбасы» қалалық сурет байқауында  6 «В» класс оқушысы Казенова Нурдиназ және 5 «Ә» класс оқушысы Салыков Султанбек   туындыларымен көзге түсіп, 1 орынды иеленді.