Добро пожаловать!

Ұлттық тәрбие

«Мәңгілік ел» идеясының аясында  «Ұлттық тәрбие-болашақ ел» ұранын басшылыққа алып, оқушыларымызды ұлтжанды патриот, тарихты құрметтейтін азамат қылып тәрбиелеу үшін  бірқатар  шаралар өтті.  Қыркүйек  айында өткен «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тілдер онкүндігімен басталды.

Алғашқы күні «Тіл-ұлттар ұйытқысы» деген атпен тіл мамандары  ұйымдастыруымен үш тілде құттықтауымен апталықтың ашылу салтанатты жиынын өткізді. Тіл мамандары ұйымдастыруымен  өткен осы онкүндіктің оқушылардың ұлтжандылық қасиеттерін дамытуда берері көп болды.

Қыркүйек  айында өткен «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тілдер онкүндігімен басталды. Алғашқы күні «Тіл-ұлттар ұйытқысы» деген атпен тіл мамандары  ұйымдастыруымен үш тілде құттықтауымен апталықтың ашылу салтанатты жиынын өткізді. Тіл мамандары ұйымдастыруымен  өткен осы онкүндіктің оқушылардың ұлтжандылық қасиеттерін дамытуда берері көп болды.

Қазан айында өткен «Қарттарым –асыл қазынам!»атты айлығында салтанатты жиын өткізіліп, барлық сыныпта сынып сағаттары өткізіліп, мектебімізге бекітілген соғыс ардагерлері мен ардагерлердің үйіне барып үй маңын және көше маңын тазалап берді. Қарттар балаларға ризашылығын айтып батасын берді. «25 жұлдызды күн» аясында 7-8 кластар оқушылары арасында «Ұлттық тенге-ұлттық құндылықтар» тақырыбында тағылымдық сабағы өтті.

Ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, халқымызға  бағыт-бағдар  көрсетіп отыратын жыл сайынғы  президенттің жолдауы мектепішілік жиында талқыланды. 1 наурыз  «Рахмет айту»  күніне орай мектебімізде  іс-шаралары  ұйымдастырды.

Қазақтың ұлттық мерекелерінің бірі  22 наурыз кластардың ауылдарға бөлініп, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерді көрсетіп,ұлттық тағамымыз, наурыздың  символы көжеден дәм татып тойланды.

Мектеп ауласында киіз үй тігіліп,  «Қош келдің, Әз  Наурыз!» атты ата-аналармен, мектеп ұстаздарымен және оқушылармен бірлескен іс-шара ұйымдастырылды.Мектеп өнерпаздарының ұымдастырған мерекелік концерттік бағдарламасы көпшілктің көңілінен шықты. Ұлттық тағамдар дайындалып, барлық жиналған қауым ұлттық мерекеге ұлттық киіммен келіп, мектеп ауласы мерекеге сай безендірілді. «Қош келдің, Наурыз!»  тақырыбында апталық ұйымдастырылып, класс сағаттары  өткізілді.

Сәуір айында қалалық көлемде білім бөлімінің жоспарына негізінде «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»  тақырыбында  30,13,31 мектептермен  бірлесіп  ток шоу өтті. «Айкөркем» қыздар клубының мүшелері  ток шоуға қатысты. Мектеп өнерпаздары  өз өнерлерін көрсетіп, жиналған қауым қыздарымыздың өнерлеріне тәнті болды.

05