Добро пожаловать!

«№13 орта мектебі» КММ «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2017-2018 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың анықтамасы

2017-2018 оқу жылында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы өз жұмысын «Зерде», «Руханят», «Отан», «Салауат», «Еңбек», «Жеті жарғы», «Экоәлем», бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспарлары жасақталып, бекітілді.

2017-2018 оқу жылы бойынша мектебіміздің Ұланбасы болып Кужагельдина Диана Әлімжанқызы болып қала берді.

02.09.2017 жылы 1-қыркүйек білім күніне орай «Мен өз Отанымның патриотымын» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Қазақстан Республикасының туы көтеріліп, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. 26.09.2017ж «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектеп кеңесінің жиналысы өткізілді. Жиналыстан қаралынған мәселелер мектеп кеңесінің қайта құру туралы  болды.

«Ұстазым менің, ұстазым» атты тақырыппен қазан айының 7-сі күні ұстаздар мерекесіне орай 11 класс оқушылары мектеп ұстаздарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Өткізілген мерекелік шара жоғары деңгейде өткізілді.

Халықаралық қарттар күніне орай мектеп оқушылары ардагерлермен кездесіп, үйіне бару жұмытары өткізілді.
12.10.2017ж. «Бұл-біздің ұйым» атты мектеп кеңесімен жиналыс өткізілді . 19.10.2017ж. Қалалық оқушылар Сарайында «Мемлекетік рәміздер-ел мақтанышы» атты байқауға 4 класс оқушысы Бисенғалиева Сәуле қатысып «Әсерлі туынды» номинациясымен марапатталды.
«Эстетикалық тәрбие» бағыты бойынша қазан айының 22 және 27 күндері 5-7 кластар аралығында «Күз сыйы» атты көрме өткізілді. 28.10.2017 жылы «Күз кереметі-2017» атты 8-10 кластар арасында күзгі балл өткізілді.

14.11.2017 жылы «Күмбірле сазды домбыра» қалалық жас домбырашылар және термешілер байқауына Утепқалиев Шархан мен Мендығалиев Жандос қатысып І орынды иеленді.

25.11.2017 жылы «Өнерге қанат қаққандар» атты мектебіміздің өнерпаз оқушыларының концерті өткізілді.

24.11.2017жылы мектеп кеңесімен отырыс өткізілді. Отырыста қаралған мәселе Тұңғыш президент күні, Тәуелсіздік мерекесі өткізу туралы қаралды.
27.11.2017ж. «СПИД-ке жол жоқ» Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күрес күніне орай сурет көрмесі өткізілді.
29.11.2017ж. Тұңғыш Президен күніне орай «Елбасы ел намысы, ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

11.12.-14.12.2017ж.«Жүректен жүрекке» қайырымдылық операциясы жүргізілді. Қайырымдылық операциясы «Қалалық оқушылар Сарайы» «Жаңа жылдық сыйлық» қайырымдылық операциясын жүзеге асыру бойынша жүргізілді.

13.12.2017 ж. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына «Бейбіт елдің ұланы» атты 2 және 5 класс оқушыларын «Жас Ұлан» мен «Жас қыран» қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. «Жас ұлан» қатарына 58бала, «Жас қыран» қатарына — 95 бала қабылданды.

14-15.12.2017 ж. «Тәуелсіздік-елімнің еркін жолы» атты сурет көрмесі мен мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік шарамыз Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды. Патриоттық әндер мен көріністер қойылды.

23.12-28.12.17ж. аралықтарында Т.Ахтанов атындағы драма театрында 0-11кластардың жаңа жыл мерекесі өткізілді.
25.01.2018ж. №29 орта мектебі базасында өткізілетін аға тәлімгерлер мен ұйым мүшелі үшін семинар практикум өткізілді. Семинар практикумға ұланбасы Кужагельдина Диана мен өзім қатысып қайттым.

26.02.2018ж «Қарттарым асыл қазынам» атты жұмыстар жүргізілді. Мектеп кеңесімен бірге директордың ТІЖ орынбасары мен мектеп директор А.Т.Куштаев қарттар үйіне барып концерт ұйымдастырылып, Нуркожаева К.Е. жетекшілігімен жүргізіліп жатқан үйірмеде мектеп оқушылар өз қолдарынан тігілген киім ишектерін ата-әжелеріне табыстады.

27.02.2018ж «Ауғанның от жалыны» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Мектеп оқушылары ардагерлерге сұрақтар қойып, жауап алды.

15.02.2018ж. Қалалық оқушылар Сарайында «Әлемнің байлығын сыйлар ем…» ІІ облыстық сурет және фотобауға мектебіміздің 7 «В» класс оқушысы Казенова Нұрдиназ қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді.
02.03.2018ж 5-6 класс аралығындағы класс жетекшілерімен «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Мақсаты: «қазақтың 100әні» жобасы бойынша ескі әндерді жаңғырту мақсатында баланың шығармашылық қабілетін шыңдау арқылы ұлттық, азаматтық және патриоттық сезімге баулу.

06.03.2018ж Даярлық тобы мен 1 класс оқушыларымен өткізілген «Кішкентай ханшайым-2018» қыздар сайысы болды. Мақсаты: Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.

05.03.2018ж 9-10 класс қыздар аралығындағы ұйымдастырылған «Көктем аруы-2018» қыздар сайысы өткізілді.Мақсаты: Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру. Жан-жақты білімді, сауатты болуға үйрету. Бойындағы өнерін дамыту, жетілдіру.

19.03.2018ж Қалалық оқушылар сарайында «Біздің елдің жігіттері-жігіттердің төресі» ІІ облыстық бозбалалар байқауы өткізілді. Бұл байқауға 10 «Б» класс оқушысы және мектеп кеңесінің мүшесі Нұрланов Ерғазы қатысты. «Тапқыр жігіт» номинациясын иеленді.

26.04.2018ж 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Республикалық «Жас ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына 2-5 кластарды қабылдау салтанатты жиыны өтті. «Жас ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына 143 бала қабылданды.

28.04.2018ж1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан халықпыз» атты 7-8 кластар арасында достық фестивалі өткізілді. Мақсаты: 1 мамыр — Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Анықтама құрылған күні:29.04.2018ж
Аға тәлімгер: Айдынғали А.Қ