Клаcсішілік және жалпы ата-аналар жиналыстарында дін мәселесі қаралып, талқыланды. Қыркүйек айында қалалық білім бөлімінің қолдауымен дін жолында жүрген ата-аналармен «Діни –экстремизмнің алдын алу» атты дінтанушы, теолог , тарихшы мамандармен кездесуге біздің мектептің дін жолында жүрген ата-аналары қатысты.Кездесу барысында мамандар қазіргі діни-ахуалдың мән-жайын түсіндірді.
Жыл бойы класс жетекшілері діни –экстремизмнің алдын алу мақсатында класс сағаттарын өткізді.
Желтоқсан айында «Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?» тақырыбында оқушылар арасында сауалнама жүргізілді.
Сәуір айында 5-11 класс оқушылары Т.Ахтанов атындағы драм.театрға «Есігімді қаққан кім?» қойылымына барды. Қойылым өте әсерлі болды және класс сағаттарында талқыланды.
Сыбайлас жемқорлықтың жемқорлықтың алдын алу бойынша мектепте ҚББ-нің жоспарын негізге ала отырып, мектепішілік жоспар құрылды. Оқушыларда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру» тақырыбында ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықтың жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектепте «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды.
Мектепте осы мақсатта стенд жабдықталып,шығармалар сайысы,суреттер байқауы ұйымдастырылды.