Добро пожаловать!

Рухани – адамгершілік тәрбиесі

Клаcсішілік және жалпы ата-аналар жиналыстарында дін мәселесі қаралып, талқыланды. Қыркүйек айында  қалалық білім бөлімінің  қолдауымен  дін жолында жүрген ата-аналармен «Діни –экстремизмнің алдын алу» атты дінтанушы, теолог , тарихшы мамандармен кездесуге біздің мектептің дін жолында жүрген ата-аналары қатысты.Кездесу барысында  мамандар қазіргі діни-ахуалдың мән-жайын түсіндірді.

Жыл бойы класс жетекшілері діни –экстремизмнің алдын алу мақсатында класс сағаттарын өткізді.

Желтоқсан айында «Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?» тақырыбында оқушылар арасында сауалнама жүргізілді.

Сәуір  айында 5-11 класс оқушылары Т.Ахтанов атындағы драм.театрға «Есігімді қаққан кім?» қойылымына барды. Қойылым өте әсерлі болды және класс сағаттарында  талқыланды.

Сыбайлас жемқорлықтың жемқорлықтың алдын алу бойынша мектепте ҚББ-нің  жоспарын негізге ала отырып, мектепішілік жоспар  құрылды. Оқушыларда  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру» тақырыбында  ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықтың жемқорлықтың алдын алу мақсатында  мектепте «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды.

Мектепте осы мақсатта стенд жабдықталып,шығармалар сайысы,суреттер байқауы ұйымдастырылды.